Етті немен қосып жеуге болмайды?

Біз етсіз тамақ жемейміз. Алайда мамандардың сөзіне сенсек, етті барлық тамақ түріне қоса беруге болмайды.

Мәселен, картоп пен макаронды және ақ күрішті етсіз дайындаған жөн. Өйткені олардың құрамында көмірсу аз, крахмал көп. Тағам құрамында неғұрлым крахмал көп болса, соғұрлым баяу қорытылады. Оның үстіне, еттің пайдалы элементтері ағзаға толық сіңбей қалуы мүмкін. 

Майонезбен қосып жеген еттің де пайдасы аз.

Ал ет жақсы қорытылсын десеңіз, онда көкөніспен қосып жегеніңіз дұрыс.