Рахымжан Жақайым - Махаббат гүлі солмайды

Рахымжан Жақайым - Махаббат гүлі солмайды текст: 

Біз кездесер сәтке сағат санаймын,
Гүлдерім саған деген қолда.
Сағыныштан саған бір ән салайын,
Көздерім сен келетін жолда.

Қайырмасы:

Таңым атып күн батты,
Кетпедің ойымнан.
Сағынып сенде бірақ мұңайма,
Таңым атып күн батты,
Кетпедің ойымнан Махаббат гүлі мәңгі солмайды.

Сағынышым жанымды өртеп барасың,
Кел енді көп күттермей мені.
Ұмытамын жүрегімнің жарасын,
Жаным-ау көрген кезде сені.