Техношолу: Huawei P smart 2021

Әр жылдың аяғында Huawei компаниясы P Smart смартфондарының жаңа моделін жарыққа шығарып келеді. Осыған дейін, P smart, P Smart 2019 және Z модельдерін ұсынған еді. Ал бұлардың биылғы қатарласы – бүгінгі кейіпкеріміз P smart 2021 смартфоны. Жалпы P Smart моделінің сатылу статистикасына қарасақ, жыл сайын бюджеттік смартфондар арасында көш ілгері тұрады. Себебі өндіруші бюджеттік смартфонның өзіне таңдаулы деген функцияларын қосады. Ендеше бұған P Smart 2021 арқылы көз жеткізіп көрейік.