Сабақ жоспары: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала" (Әдебиеттік оқу 3-сынып)

Сабақ жоспары: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"  (Әдебиеттік оқу 3-сынып)

Уразымбетова Айша Маратқызы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"

Білімділігі: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын ашқыза отырып, негізгі ой қандай мәселеге құрылғанын тапқызу.

Дамытушылығы: Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту.

Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақта қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ACTIVote тестілеу жүйесі, ACTIVstudio бағдарламасы.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Қызығушылықты ояту»
- Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және топбасшы сайлау;
- Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік)
ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық)
ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі-мейірімді)

Көңіл-күйімізді көтерейік:

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарады баршаға.

Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу

Сурет: vk.com

Р. Роза