- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Сабақ жоспары: «9»...
Сабақ жоспары: «9» саны және цифры (Математика 1-сынып)
Матаева Назигуль Даулетжановна, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «9» саны және цифры
Мақсаты: Білімділік: оқушыларды 9 саны және цифрымен таныстыру, 9 санының сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру
Дамытушылық: әртүрлі белгілеріне қарай заттарды салыстыру, геометриялық фигураларды ажыратқызу, логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындатқызу.
Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, саналылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Түрі: жаңа ұғым беру
Типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандар, суреттер, таратпа қағаз
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын аудару. Өткенді пысықтау а). Психологиялық дайындық:
- Балалар, біздің математика сабағындағы ұранымыз қандай еді?
- Ендеше, балалар, өткен сабақтарымызды еске түсірейік.
а) 9-ға дейін тура және кері санату
ә) сандар құрамын тапқызу
б) сандар мен өрнектерді салыстыру, оларды оқыту
Сабақ жоспарының толық нұсқасын тегін жүктеу
Сурет: vk.com
Р. Роза