- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Поэзияда дәуір шындығының...
Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы (Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет)
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің поэзияcы өз кезінің шындығын шырылдата жырлады. Азаттық алған қазағымыздың қуанышын жырға қосып, өз шығармалырына арқау еткен біршама ақындарымыз бар.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік», «азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді.
Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», А.Бөкеновтің «Салбуырын», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидің «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді.
Ал одан бері С.Адай, Ж.Сәрсек, Т.Толқынқызы, М.Шоқан, Б.Сарыбай, А.Елгезек, Н.Бердалы, Е.Жеңісұлы, Е.Жүніс, Т.Таңжарық, Ы.Дәбей, Б.Әлқожа, Н. Сарша, А.Сейтақ, С.Есжан, Т.Мықи т.б. сияқты жас ақындар легі көбейіп, заман шындығын өз туындыларына арқау етті.
Оқи отырыңыз:
2. Мұхтар Шаханов лирикасындағы көне дәстүр мен жаңашылдық
4. Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылық өмірбаяны
5. Төлеген Айбергенов пен Мұхтар Шаханов поэзиясы арасындағы байланыс
Cурет: vivendocomjesusblog.blogspot.com
Е. Жұмабайұлы