- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Қытайлық кунг-фу шебері...
Қытайлық кунг-фу шебері Майк Тайсонның саусағын сындырды
Қытайлық кунг-фу шебері, актер әрі режиссер Донни Йен «Ип Ман» фильмінің (үшінші бөлімі) түсірілімі кезінде бокстан әлемнің абсолютті чемпионы Майк Тайсонның саусағын сындырды. Оқиға абайсызда орын алған.
Фильмнің түсірілім кезінде Донни Йен мен Майк Тайсон төбелес қойылымын орындап жатқан. Қытайлық кунг-фу шеберінің шынтағымен жасаған соққысы «темір» Тайсонның саусағын сындырып жіберіпті. Бірақ түсірілімнің тоқтатылуын қаламаған боксшы соңына дейін шыдаған. Түсірілім аяқталғаннан кейін ғана дәрігерлер көмегіне жүгініпті.
- Бәрі басында Донни Йен жарақат алып қала ма деп уайымдады. Бірақ керісінше болды, - деді Майк Тайсон әзілдеп.
Айта кетейік, «Ип Ман» - жартылай биографиялық фильм болып саналады. 2008 жылы жарыққа шыққан фильм ең алғашқы кунг-фу шеберінің өмірінен сыр шертеді. Әйгілі кунг-фу шебері Ип Манның шәкірттерінің қатарында Брюс Ли де болған. Ол кезде де басты рөлді Донни Йен сомдаған болатын.
Майк Тайсон кәсіпқой бокстағы мансабын 2005 жылы аяқтаған-ды. Бүгінде танымал боксшы шәкірт тәрбиелеп, 55-тен астам фильмдер мен арнайы жобаларға қатысып үлгерді.
Ұқсас жазба
Геннадий Головкин «темір» Тайсонның рекордын жаңартты
О. Сансызбай