Геннадий Головкин «темір» Тайсонның рекордын жаңартты

Геннадий Головкин «темір» Тайсонның рекордын жаңартты
Фото: vk.com

Кәсіпқой рингте бақ сынап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 20 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтап, әйгілі Майк Тайсонның рекордын жаңартты.  

«Темір»Тайсон деген лақап атқа ие болып әлемге танылған әйгілі Майк Тайсон спорттық мансабында 19 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтаған. Бұл рекордты жаңартуға қазақстандық боксшының қауқары жетті. Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатып жүрген Геннадий Головкин 20 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтап отыр.  Алдағы уақытта да бұл межемен шектеліп қалмасы анық.

Айта кетейік, сәуір айында ғана 33 жасқа толған Гена спорттық мансабындағы 33-ші жеңісін тойлады. 30 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Ұқсас жазба

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді (видео)

Ө. Сансызбай