- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Қанат Ислам жетімдер...
Қанат Ислам жетімдер үйінен бала асырап алуға ниетті
Фото:
tengrinews.kz
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Атырау қаласына ат басын бұрып, жетімдер үйіне сый жасағаны туралы осыған дейін жазған едік. Кездесу барысында қандасымыз бала асырап алуға да ниетті екенін айта кетті.
- Әр баланың жанұясы болу керек. Қазақстанда балалар үйінің саны азайса екен деп тілеймін", - деді боксшы.
Сондай-ақ төрт баланың әкесі балаларды қатты жақсы көретінін де айта кетті.
- Әр баланың басынан сипап, маңдайынан сүйгеннен – үлкен күш пен жігер аламын. Мұндай кездесулерден кейін үйіңе мүлде өзге адам болып қайтатының рас, - деді боксшы.
Айта кетейік, осыған дейін Қанат Ислам 2017 жылдың қаңтар айында канадалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екені туралы ақпарат хабарланған болатын.
О. Сансызбай