- Негізгі бет
- Тұлғалар
- «Барселонаның» белді ойыншысы...
«Барселонаның» белді ойыншысы мансабын Катарда жалғастыратын болды
Каталондық «Барселона» футбол клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хави спорттық мансабын Катардың «Аль-Садд» клубында жалғастыратын болды. Футболшы осы маусым соңынан «блаугранамен» қоштасады.
Испанияның «AS» басылымы таратқан ақпарат бойынша, Хави катарлық клубпен үшжылдық келісімшартқа қол қойған. Егер сәтті өнер көрсетіп кетер болса, тағы бір жыл келісімшартты ұзартуға келіскен. Футболшы жаңа клубында жылына 10 миллион еуро көлемінде жалақы алатын болады.
35 жастағы футболшы Катар чемпионатында өнер көрсетіп қана қоймай, бапкерлік лицензия иеленуді де жоспарлап отыр екен. Ол аталған елдегі «Aspire» футбол академиясында бапкерлерге көмекші қызметін де атқармақ.
2012-2014 жылдар аралығында Катардың «Аль-Садд» клубында мадридтік «Реал» мен Испания құрамасының белді ойыншысы Рауль де өнер көрсеткен болатын.
Айта кетейік, Хави каталондық «Барселона» клубының түлегі. 1998 жылдан бастап «блауграна» намысын қорғап келеді. 700-ден астам ресми кездесулерге қатысып, 81 гол соққан, 159 рет нәтижелі пас берген. Клуб сапында жеті рет Испания чемпионы атағын, үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Испания кубогы мен УЕФА Суперкубогының да екі дүркін жеңімпазы.
Cурет: eurosport.ru
Оқи отырыңыз
Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)
"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?
«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?
О. Сансызбай