Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)
Фото: Ojde.biz

Покер деген құмар ойын да бар. Бірақ, бүгінгі айтпағымыз ол жайлы емес, футболдағы ең үздік покер авторы атанған ойыншылар жайында болмақ. Ендеше оқи отырыңыздар.

Футболда покер деп - бір ойында 4 гол соққан ойыншыны атайды. Әрине, бір ойында 4 гол соғу кез келген ойыншы үшін үлкен жетістік. Тіпті, кей кездесулерде шешуші маңызға да ие. Сонымен төменде ұсынылғалы отырған бейнебаянда ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушыларының голдары топтастырылған.

10. Альберто Буэно («Райо Вальекано» шабуылшысы 15 минутта покер авторы атанған. 28.02.2015 жыл)

9. Неймар (Бразилия құрамасы сапында Жапонияға қарсы ойында покер орындады. 14.10.2014 жыл)

8. Криштиану Роналду («Реал» шабуылшысы «Севильяға» қарсы ойында 4 гол соғып көзге түсті. 10.05.2011 жыл)

7. Бас Дост («Вольфсбург» шабуылшысы «Байер» қақпасына соғылған 5 голдың 4-еуін өз еншісіне жазды. 14.02.2015 жыл)

6. Златан Ибрагимович («ПСЖ» сапында футболшы «Андерлехт» қақпасына 4 доп тоғытты. 23.10.2013 жыл)

5. Андрей Шевченко («Милан» шабуылшысы «Фенербахшеге» қарсы кездесуде 4 голдың авторы атанды. 24.11.2005 жыл)

4. Златан Ибрагимович (Швеция құрамасы сапында Англия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде 4 гол соқты. 15.11.2012 жыл)

3. Андрей Аршавин («Арсенал» клубында ойнап жүрген ресейлік ойыншы «Ливерпуль» қақпасына 4 гол соқты. 22.04.2009 жыл)

2. Лионель Месси («Барселона» сұрмергені «Арсенал» қақпасына «Камп Ноуда» 4 гол соқты. 06.04.2010 жыл)

1. Роберт Левандовски («Боруссия д» сапында өнер көрсетіп жүрген шабуылшы «Реал» қақпасына 4 гол соғып, «корольдік клуб» тарихындағы Чемпиондар лигасында покер авторы атанған алғашқы ойыншы болды. 24.04.2013 жыл)

Оқи отырыңыз

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды

«Бавария» бапкері жол апатына ұшырады

Ө. Сансызбай