«Гарри Поттерде» ойнаған актер ережесіз жекпе-жекте бақ сынады

«Гарри Поттерде» ойнаған актер ережесіз жекпе-жекте бақ сынады
Фото: thesun.co.uk

«Гарри Поттер» фильмінде Драко Малфойдың досы болған Грегори Дойл ролін сомдаған белгілі актер Джошуа Хердман ережесіз жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы «The Sun» басылымы хабарлап отыр. 

Актер 23 сәуір күні ережесіз жекпе-жектен Лондонда өткен «Rise of Champions 2» халықаралық турниріне қатысты. Спорттық мансабындағы алғашқы кездесуін поляк Янош Валачовскиге қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Янош та ережесіз жекпе-жекте алғашқы кездесуіне шыққан болатын.

Джошуа Хердман осыған дейін бразилиялық джиу-джитсумен айналысып келген. Ережесіз жекпе-жекті де жат көрмейтінін «The Sun» басылымына берген сұқбатында айтқан. Ал әкесі мен екі ағасы да бокспен шұғылданады екен. Алдағы уақытта Джошуа актерлық өнері мен спортты қатар алып жүрмек.

О. Сансызбай