GGG жаттығуын бастады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдке қарсы өтетін жекпе-жегіне дайындығын бастады. Бұл кездесу Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді.

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес жақында ғана жаңа жоспарларымен бөліскен болатын. GGG командасы алдағы уақытта әйгілі Бернард Хопкинстің орта салмақта 20 жекпе-жек бойы чемпиондық атағын қорғаған рекордын жаңартпақ. Қазіргі таңда отандасымыз чемпиондық атағын шаршы алаңда 15 рет абыроймен қорғап шықты.