Сыр өңірінің саңлақтары Тәуелсіздік мерекесіне сый жасады (видео)

Сыр өңірінің саңлақтары Тәуелсіздік мерекесіне сый жасады (видео)

Ауыр атлетикадан Грозныйда өтіп жатқан РФ президенті кубогы халықаралық турнирінде топ жарған отандасымыз Илья Ильин екі рет әлем рекордын жаңартып, топ жарған жарысындағы жеңісін ҚР тәуелсіздігі мерекесіне арнады.

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығуларының қорытындысы бойынша (191+246) жеңіс тұғырынан көрінді. Серпе көтерудің үшінші мүмкіндігін орындаған жоқ. Жарыс соңынан Сыр өңірінің саңлағы спорттық мансабындағы ірі рекордтарының бірін тіркеген жарысындағы жеңісін Тәуелсіздікке сый екенін айтты.

Айта кетейік, 105 келіге дейінгі салмақта күміс медаль да Қазақстан құрамасының қоржынына түсті. Александр Зайчиков қос жаттығуда 416 келіні бағындырды. Ал Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 421 келіні көтерген болатын. Сондай-ақ, мансабындағы ірі жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаған-ды.

О. Сансызбай