Пеле: "Месси - соңғы онжылдықтағы үздік футболшы"

Футбол тарихындағы аты аңызға айналған бразилиялық «футбол патшасы» Пеле соңғы онжылдықтағы үздік футболшы ретінде Мессиді танитынын мәлімдеді. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

- Месси – соңғы онжылдықтың ең үздік футболшысы. Көп адамдар Месси мен Роналдуды салыстырып жатады. Бірақ, екеуінің ойын стильдері екі бөлек. Екеуі де талантты футболшылар, - деді Пеле.

Айта кетейік, осыған дейін Пеле футбол тарихындағы ең үздік футболшылар ретінде Йохан Кройф, Бобби Мур, Франц Беккенбауэр, Диего Марадона және Зинедин Зиданды танитынын сұхбаттарының бірінде айта кеткен болатын.