Мессиге «Алтын доп» керек емес пе?

Қазіргі таңда «Барселона» мен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (ФИФА) арасында кикілжің ушығып тұр. Осыған орай клуб президенті Хосеп Мария Бартомеу, 12 қаңтар күні Цюрихтегі «Алтын доп» иегерін анықтайтын салтанатты кешке команда мүшелерінің баруына тыйым салған көрінеді.

Каталондық клуб пен ФИФА арасындағы келіспеушілік - 18 жасқа толмаған футболшылармен келісімшарт жасасқан деген дерекке қатысты туындаған еді. Ал одан кейін клуб басшылығы бірнеше рет Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік жасайтын сотқа (CAS) жүгінген. Бірақ, одан да қайыр болмаған-ды.

- Біз ФИФА-мен қарым-қатынасты үздік. Олар трансфер мен келісімшарт мәселесіне қатысты шешімін өзгертулері тиіс еді, - деді Хосеп Бартомеу.

Сонымен қатар, Лионель Мессидің «Алтын доптан» үміткер екенін біле тұра, клуб мүшелерінің Цюрихтегі салтанатты кешке баруына қарсылық білдіріп отырған көрінеді. Ал бұл мәселеге қатысты аргентиналық сұрмерген қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ. 

Айта кетейік, қазіргі таңда каталондық клубта айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Жақын күндері бас бапкер Луис Энрике де өз орнын босатып қалуы ғажап емес. 

Сурет: ronaldocristiano7.com