Месси жайлы деректі фильм жарыққа шығады

Месси жайлы деректі фильм жарыққа шығады

2015 жылдың 1 қаңтар күні әйгілі аргентиналық сұрмерген Лионель Месси өміріне қатысты деректі фильм көрермендеріне жол тартады. Бұл туралы каталондық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Лионель Мессидің өмір жолы мен спорттық мансабына арналған деректі фильмді бұрынғы мадридтік «Реал» ойыншысы, бапкері және спорттық директоры болған Хорхе Вальдано мен режиссер Алекс де ла Иглесиа түсірген. Фильмде футболшы туралы бірнеше танымал тұлғалар пікір білдірген. Олардың қатарында Йохан Круифф, Сесар Луис Менотти, Хорхе Вальдано және Алехандро Сабелья бар. Сонымен қатар, қазіргі командаластары Жерар Пике, Андрес Иньеста және Хавьер Маскерано да деректі фильмде Месси туралы жылы лебіздерін жеткізген. Қазіргі таңда фильмнің трейлері көпшілік назарына ұсынылып үлгерді.

Айта кетейік, Лионель Месси кеше «Барселона» сапында 402-ші голын соғып, Испания футболы тарихында бір команда сапында 400 голдан артық көрсеткішке қол жеткізген алғашқы ойыншы атанған еді. Сонымен қатар, каталондық дербиде ең көп гол соққан сұрмерген де атанды. Осыған дейін Испания футболы тарихындағы ең үздік сұрмерген Тельмо Сарра мен Чемпиондар лигасындағы Рауль рекордын жаңартқан болатын.

Сурет:free-wall-paper.com

О. Сансызбай