Майк Тайсон Отелло рөлін сомдағысы келеді

Танымал боксшы Майк Тайсон Лас-Вегаста «Soul Train Awards» музыкалық марапатын табыстауда Шекспирдің пьесасындағы Отелло рөлін сомдағысы келетінін жеткізді. Ол бұл рөлді сомдамас бұрын телеарналарда қызмет жасап, тәжірбие жинауды жоспарлап отыр екен.

- Шекспир туындыларындағы кейіпкерлердің бірінің рөлін ойнауды жоспарлап жүрмін. Қай кейіпкер екені белгісіз, бірақ Отелло рөлін сомдағым келеді. Әлемге әйгілі драматургтың кейіпкерін сомдау ғажап емес пе?! Мен секілді қара жігітті Отелло рөлінде ойнағанын елестете алмайсыздар ма? - деді боксшы тілшілерге.

Майк Тайсон осыған дейін 55-ке жуық фильмге түскен. Оның ішінде өзін сомдаған туындылар да бар. Алдағы уақытта тағы бірнеше фильмдері жарыққа шықпақ.

Айта кетейік, боксшы 1987-1990 жылдар аралығында әлемнің абсолютті чемпионы атағын ұстап тұрды. Кейіннен Майк Тайсон бұзақы қылықтары үшін бірнеше рет сотты болды. 1992 жылы 3 жыл түрмеге жабылғаннан кейін, абақтыда ислам дінін қабылдап, есімін Малик Абдул Азиз деп те өзгерткен. Былғары қолғап шебері бостандыққа шыққаннан кейін де басбұзар әрекетін тастап кете алмады. 1998, 2006 және 2009 жылдары тағы да жауапқа тартылып, сот алдында жауап берді. Қазіргі таңда темір Тайсон промоутерлік қызметпен айналысуда. Тәрбиелеп отырған шәкірттері әлемдік аренада өздерін әлі танытпағанмен, боксшы олардың болашағы алда деп бағалауда. 

Сурет: bestin.ua