Бүгін Лионель Месси туылған күн (Видео)

Бүгін Лионель Месси туылған күн (Видео)

Бүгін аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Мессидің туған күні. Әлем Чемпионатында әлемге әйгілі шабуылшы:

- "Мендегі ұмтылыс  - даму және жаңа жетістіктер. Жақсы ойнасам да, нашар өнер көрсетсем де, оған еш тәуелсіз, мен өз-өзіме ең қатал сыншымын.

Осы Әлем Чемпионатында ең мықты әрі ең таңдаулы футболшылар өнер көрсетуде: Неймар, Хави, Иньеста, Криштиану Роналду, Роббен. Жалғастыра беруге де болады, қайсысын еске салмаңыз, үздіктің үздігі саналады. 

Мен әлем чемпионы атанғым келеді, алайда, ең үздік саналу үшін емес. Жоқ, мен жеңіске жеткім келеді, Аргентина құрамасының аты әйгіленcе, ал әлем чемпионатындағы жеңіс менің елеулі еңбектерімнің қатарын толықтырса деймін. 

2010 жылғы Әлем Чемпионатынан бері не өзгерді? Мен өстім, кәсіби тұрғыдан да, тұлғалық жағынан да. Мен әке атандым. Дүниеге ұлым келді - ендігі қалғаны екінші орында. Ең жаманы артта..." - дейді Месси.

Назарларыңызға Леоның осы маусымда соққан голдары мен ғаламат ұмтылыстары бейнеленген "гифтерді" ұсынамыз:

imageimageimageimage

 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: soccerbarcelona.com

Л. Лига