Футзалдың балалары: Роналдо, Неймар және Роналдиньо

Каталондық "Барселонаның" жейдесін киген кейбір футболшылар өз мансап жолдарын футзалдан бастаған, үлкен футболға кейіндеу келді, деп жазады Mundo Deportivo.

Бұл қатарда қорғаушы Жулиано Беллетти, жартылай қорғаушы Роналдиньо және шабуылшылар Роналдо мен Неймардың есімдері аталады. Испан басылымы аталған футболшылардың жасөспірімдер арасында футзалдан Бразилия чемпионатына жіберген сұранымдарын (заявка) ұсынуда. 

Ауыз толтырып айта кетерлігі, айтылған төрт ойыншы да үлкен футболда үлкен белеске жетіп, Бразилия ұлтының жарқын өкілдеріне айналып кете алды.

* * *

Өздерінің мансап жолдарын футзалдан бастаған өзге ойыншылардан кімдерді білесіз? 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: sport.es