Ойыншылардың ермегі

Бірқатар танымал футболшылардың ермегі туралы айта кеткіміз келіп отыр. Бос уақытта көңілдері нені қалайтыны бізге де жұмбақ. 

* * * *

Робин ван Перси үстел теннисін ойнайды. 

Лионель Месси - "Playstation" ойынының тұрақты ойыншысы.

Петр Чехтің ермегі – шет тілдерін меңгеру және дауылпаздарда ойнау.

Андрей Шевченко - гольф спорт түрін ойнаушы.

Криштиану Роналду ән тыңдағанды ұнатады және төрт жылдан бері бимен айналысуда. 

Томаш Росицки гитараны жаны қалап тұрады.

Даниэль Аггердің дене сәніне ( татуировка) қызығушылығы бар және өз үстін өзі сәндейді. 

Златан Ибрагимовичтің ермегі - балық пен аңшылық. 

Майкл Оуэн жылқы баптағанды жақсы көреді.

 Анатолий Тимощук - икон жинастырушы. 

Дэвид Бекхэм семсерлесуді ұнатады. 


Рио Фердинанд хип-хоп жазады. 

сурет:sport-xl.net; luxlux.net; lenta-ua.net; www.guardian.co.uk

Дайындаған: Фараби Арыстанбек