Соңғы аудармалар

Негізгі / Бірге аударайық / Фильмдер / Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!

Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!

Сәлем, бейтаныс жан! / Hello Stranger!

Түпнұсқа атауы - Hello Stranger

Орысша атауы - Привет, незнакомец!

Мемлекет: Тайланд

Жылы: 2010

Түрі: толықметражды фильм

Актерлер: Нуна, Chantavit Dhanasevi, т.б.

Режиссері: Banjong Pisanthanakun

Жанры: романтика, комедия

Аударған: Мейіргүл Оңғарова

Тайландтан Оңтүстік Кореяға саяхаттап шыққан қыз бен жігіт өзге елде кездейсоқ кезігіп қалады. Бірге саяхаттап, сыр бөлісіп, қызықты күндерді бастан өткереді. Ең қызығы - екеуі бір-бірінің есімін білмеуді ұйғарады. Қызды жігіті, жігітті 8 жыл кездескен қызы тастап кеткендіктен, жаралы жүректеріне жұбаныш іздеген екеуі кенет бір сезім ұшқыны пайда болғанын сезеді. 

Бұл сезімнің не екенін әзірге түсіну қиын. Себебі екеуі бірнеше күн бұрын ғана кездескен. Махаббат деп кесіп айтуға болмайды. Әлде расымен махаббат сезімі болғаны ма? 

Бақытты күндерді бастан өткерген екеуінің арасы кенет алшақтайды. Себебі жігіттің 8 жыл кездескен қызы жігітке қайтып оралып, Тайландқа іздеп келеді...

Комедия мен романтика араласқан фильм бірде күлдірсе, бірде жылатады. Бұл фильмнің ерекшелігі - шынайылыққа өте жақын. Шынымен де өмірде осындай жағдайлар жиі кездесіп жатады. Тек махаббатқа адал болсаң, шын махаббат сені ешқашан тастап кетпейді. 

Рейтингі жоғары тайландтық үздік фильмдердің бірі "Сәлем, бейтаныс жан" бірнеше тілге аударылған. Ендеше біз де қазақша субтитрмен ұсынып отырмыз! 


Ілмек сөздер: Сәлем, бейтаныс жан! Hello Stranger! Привет, незнакомец! Тайланд, фильм, онлайн көру, қызықты фильмдер, комедия көру

Дата:06 наурыз 2015, 08:09
Теги:Сәлем, бейтаныс жан! Hello Stranger! Привет, незнакомец! Тайланд, фильм, онлайн көру, қызықты фильмдер, комедия көру

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.