- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Сәкен Бибосынов Токио...
Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
52 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының 1/8 финалына шықты. Ол бірінші кездесуінде пуэрто-рикалық Ривера Фигероаны жеңді.
Жеңіл салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі тартысты өтті. Бірінші және екінші раундта қарсыласы ширақ қимылдап, жеңіс үшін аянып қалмады. Нәтижесінде төрешілер шешімі екіге жарылды. Ал үшінші раундта Сәкен айқын басымдықпен ұтып шықты. Қорытындысында отандасымыз 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы 1/8 финалда француз Билал Беннаммен жұдырықтасады. Наурыз айында Германияның Кельн қаласында өткен халықаралық турнирдің финалында отандасымыз осы боксшыға есе жіберіп алған еді. Сол есесін Олимпиада ойындарында қайтарады деген сенімдеміз. Жекпе-жек 31 шілде күні сағат 14:48-де өтеді.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шыққан үшінші боксшы. Осыған дейін Серік Теміржанов (-57 кило) пен Зәкір Сафиуллин (-63 кило) қарсыластарын, келесі кезеңге өткен еді.
Н. Үсенова