Қазақстандық екінші боксшы Олимпиаданың 1/8 финалына шықты

Қазақстандық екінші боксшы Олимпиаданың 1/8 финалына шықты
Фото: Владислав Семенов

63 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Зәкір Сафиуллин Олимпиада ойындарының 1/8 финалына шықты. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Перу елінің боксшысы Леодана Пезоны жеңді.

Зәкір Сафиуллин бірінші раундта қарсыласын айқын ұтып шықты. Ал екінші раундта перулік боксшы да барын салды. Нәтижесінде 5 төрешінің екеуі қарсыласына басымдық берді. Үшінші раунд толықтай отандасымыздың пайдасына шешіліп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда Зәкір жапон боксшысы Дайсуке Нариматсумен жұдырықтасады. Осыған дейін отандасымыз қарсыласын 2015 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында ұтқан. 

Зәкір Сафиуллин 1/8 финалға шыққан екінші боксшы. Күні кеше 57 килоға дейінгі салмақта Серік Теміржанов венгр Роланд Галошты жеңген еді.

Н. Үсенова