Синхронды жүзуден Александра және Екатерина Немичтер келесі кезеңге өте алмады

Артистік (синхронды) жүзуден іріктеуге қатысқан Александра және Екатерина Немичтер келесі кезеңге өте алмады.

Техникалық бағдарламада дуэт 83.2338 ұпай алды, ал екі жаттығудың қосындысында 167.1005 жинады. Бұл нәтижемен апалы-сіңлілі Немичтер Токио Олимпиадасының финалында бақ сынайтын 12 спортшының қатарына енбеді.