Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Әбілхан Аманқұлов ширек финалда бокстасады

Бүгін ширек финалға шыққан төрт қазақстандық боксшының екеуі жарыс жолына шықпақ.

75 килода Әбілхан Аманқұлов бразиялық спортшы Эберт Консайсанмен шығады. Кездесу сағат 15:18-де болады. Тікелей эфирді Хабар телеарнасынан көруге болады

Айта кетерлігі бразиялық бұл боксшы бірінші кездесуінде Қытайдағы қандас боксшы Тоқтарбек Таңатханұлымен кездесіп, басым түскен еді.

Ал Әбілхан Аманқұлов эл-классико өзбек боксшысымен кездесіп, нокаутқа жіберген. Сөйтіп алғашқы кездесуін жарқын бастады.

91 килодан жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік боксшы Иван Верясовпен кездеседі. Сағат 16:24-те.