Сәкен Бибосынов француз бокшысын жеңіп ширек финалға жолдама алды

Токио Олимпиадасындағы қазақстандық боксшылардың жарыс жолы әлі жалғасуда. 52 келіде рингке шыққан Сәкен Бибосынов француз боксшы Биллаль Беннаманы жеңіп, ширек финалға шықты.

Алғашқы раундты Бибосынов қарсыласын жіті бақылап, оның стиліне жылдам бейімделіп, біршама басымдыққа ие болды. Екінші раундты теңбе-тең өткізді. Бірақ төрешілер басымдықты қазақ боксшысына берді.

Үшінші раундт та тартысты өтті. Төрешілер бір ауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Айта кеткен жөн, екі боксшы да 2018 жылы Санкт-Петербургте өткен Әлем чемпионатында кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіліп қалған еді.