- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Шындық шырағы дауыл...
Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді
Ол "Дауылдан кейінгі" халықтың тұрмысы мен халін, заманның өзгерісін жазды. Ол – Ғабиден Мұстафин. Сіздердің назарларыңызға Ғабиден Мұстафиннің шығармаларынан алынған даналы ойларын жадымызда жаңғырып тұрсын деген ниетпен ұсынамыз.
» Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
» Бабын таппаған еңбек құмға құйған су сияқты. Бабын тапсаң, ана сияқты, ие береді, ие береді.
» Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
» Әдебиет – адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі.
» Әдебиетке ғылым, білім, тәжірибеден бұрын талант керек.
» Жақсы әдебиет – түзу айна, жаман әдебиет – қисық айна.
» Бабын таппаған атақ даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты.
» Дүниеде көбірек тұрғың келсе, өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе, былапытта.
» Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы.
» Жақсы актер жаман сөзге жан бітіреді, жаман актер жақсы сөздің жанын алады.
» Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу – ой мешеулігі.
» Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.
» Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, жылы көңілді суытады.
» Сөз – ойдың анасы.
» Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
» Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді.
Г. Берік