Кішіпейілділік пен қарапайымдылық туралы не білесіз?

Кішіпейілділік пен қарапайымдылық туралы не білесіз?

Кішіпейілділік пен қарапайымдылық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл екі қасиет адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Кішіпейілділік дегеніміз — өзімшілдік пен менмендіктің болмауы. Кішіпейіл адам басқаларды өзінен төмен санамайды. Қарапайымдылық — менмендікке мүлдем қарама-қарсы қасиет. Қарапайым адам өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалайды, әрі мұндай адам атаққұмарлықтан аулақ. Көкірек көтеріп, менменсіп бөсудің орнына, қарапайым адам өзінің шектеулі мүмкіндігін әрқашан дұрыс бағалай біледі. Сондықтан мұндай адам өзгелерді сыйлайды, әрі олардың көңіліне қарап, көзқарасымен санасады.

Ендеше кішіпейілділік пен қарапайымдылық туралы даналар не деді екен? Оқи отырайық.

Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

Махмұд Қашқари

Жасанды кішіпейілділік – жақсы қасиет емес.

Абай Құнанбаев

Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкәппардың құты қашады

Ахмед Йүгінеки

Кішіпейілділіктің жетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі

Александр Поп

...кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал.

Георгий Плеханов

Жалған кішіпейілділік те менмендік сияқты жиіркенішті.

Карло Гольдони

Қарапайымдылық – жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.

Ахмед Йүгінеки

Қарапайымдылық – моральдық сұлулықтың басты шарты.

Лев Толстой

Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ.

Лев Толстой

Қарапайымдылық – өзіңнің адамдық қадір-қасиетіңді түсіну.

Бауст

Сурет:liter.kz

Оқи отырыңыз

Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме

7 саны туралы мақал-мәтелдер

Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері

О. Сансызбай