- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Жапон халқының үздік...
Жапон халқының үздік мақал-мәтелдері
Жапон халқы озық технологияларды толық меңгерген әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болса да, өзінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ешқашан ұмытқан емес. Бүгін назарларыңызға жапондардың ең үздік мақал-мәтелдерін ұсынамыз.
♣ Шешім қабылдап болып ойланғанша, ойланып шешім қабылда.
♣ Жаман адамның досы болғанша, жақсы адамның жауы болған артық.
♣ Қарапайым болмай ұлы болу мүмкін емес.
♣ Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.
♣ Ғашық жандар бір-біріне қол мен көздей көмек көрсету керек. Өйткені қол ауырғанда көз жыласа, көз жылағанда қол көз жасын сүртеді.
♣ Алыс жолдың өзі жақыннан басталады.
♣ Төсекте жатып ешкім сүрінбейді.
♣ Тоңған адамды бір жылы сөз жылыта алады.
♣ Ақымақтар мен есуастарға жол бере салу керек.
♣ Біреуден күдіктенер алдында жеті рет тексер.
♣ Қолыңнан келгеніңнің бәрін жаса, ал қалғанын тағдырға қалдыр.
♣ Қағаздың суға батып, тастың жүзіп жүретін кездері болады.
♣ Салқын шай мен күрішке шыдағанмен, салқын сөз бен көзқарасқа шыдау қиын.
♣ Он жасыңда - керемет, жиырма жасыңда - данышпан, ал отыздан кейін - қарапайым адам боласың.
♣ Білмегеніңді сұрасаң, бір минут қана ұяласың, ал сұрамасаң, өмір бойы ұялып жүресің.
♣ Бұтақтың суретін салу үшін желдің сыбдырын есту керек.
Сурет: tw.wallpaperswiki.org
Оқи отырыңыз:
Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері
Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары
"Адамдардың жағдайы неліктен жаман?" деген сұраққа жауап берген 5 еврей
Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері
Ж. Исакаев