- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Еврейлердің ең үздік...
Еврейлердің ең үздік мақал-мәтелдері
Еврей халқының өте ақылды, дана халық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ендеше сол халықтың тапқыр әрі дәл айтылған ең үздік мақал-мәтелдерін назарларыңызға ұсынамыз.
♥ Адам Ата ең бірінші бақытты адам, өйткені оның енесі болған жоқ.
♥ Егер мәселені ақшамен шешсеңіз ол мәселе емес, ол шығын.
♥ Жаратушы иеміз адамға көп тыңдасын деп екі құлақ, аз сөйлесін деп бір ауыз берді.
♥ Тәтті болсаңыз сізді жеп қояды, ащы болсаңыз түкіріп тастайды.
♥ Текенің алдыңғы жағынан, аттың артқы жағынан, ақымақтың жан-жағынан қорқу керек.
♥ Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.
♥ Білім көп жеріңізді алмайды.
♥ Адам тым болмаса әуесқойлық үшін өмір сүру қажет.
♥ Ата-аналар балаларын сөйлетіп үйретсе, балалары сөйлемеуге үйретеді.
♥ Алыстан барлық адам жаман емес.
♥ Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.
♥ Махаббат қандай тәтті болса да, одан кампот қайната алмайсың.
♥ Ақшаның жоқтығына бәрі жалынады, ал ақылдың жоқтығына ешкім жалынбайды.
♥ Баласы жоқ адамдар, балаларды жақсы тәрбиелейді.
♥ О, Құдай! Маған аяқтан тік тұруға көмектесіңізші, ал құлауды мен өзім де білем.
♥ Қорыққаннан өлгенше, күлкіден өлген артық.
♥ Шашыңызға ақ түссе даналықтың емес, қартайғаныңыздың белгісі.
♥ Тәжірибе деген - адам өзінің жіберген қателіктерін айтатын сөз.
♥ Әлем адамның көптігінен емес, жоқтығынан құриды.
Сурет: olembrador.blogspot.com
Оқи отырыңыз:
Тибет ғұламаларының өмірлік ұстанымдары
Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
Ғабит Мүсіреповтің әйел, ана туралы айтқан ғибратты сөздері
Ж. Исакаев