20 ғасырдың ең үздік жазушыларының бірі, Нобель сыйлығының иегері Эрнест Хемингуэйдің бүгін дүниеден қайтқан күні. Осыны негізге ала отырып, "Қош бол, майдан!", "Қоңырау кім үшін соғады?", "Арайлап атқан таң", "Шал мен теңіз" секілді романдарынан алынған қанатты сөздерін ұсынып отырмыз.
Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс. Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек. Адамға қажеттілігін берсеңіз, жайлылықты қалайтын болады. Жайлылықпен қамтамасыз етсеңіз, молшылыққа еліктейді. Молшылықты жаудырсаңыз, талғампазданады. Талғампаздықты қолға ұстатсаңыз, ессіздікті іздейді. Осының барлығын беретін болсаңыз, ол қалаған затымды бермедіңдер деп шағымданатын болады. Барлық тамаша кітап бір-біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы. Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді. Көңілді адамдар әдетте ең батыл адамдар, себебі майданда бірінші өледі. Ақылмен кеңескеннен кейін ең сорақысы адамдармен достасу мүмкін емес екенін түсінесің.
Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама.
Егер біреуге өзіңді мазақтауға мүмкіндік берсең, адамдар оны шын қабылдамайды. Және тап осы адамдар қалжыңдасып барлық дүниені ішіңе сақтау мүмкін еместігін түсінбейді. Жазуды жаңадан бастаған жазушы әңгіме рахатын өзі алады, ал оқушылар тарабы еш нәрсе иемденбейді. Адамды құртып жіберуге болады, бірақ жеңуге болмайды. Бақыт дегеніміз – зор денсаулық пен нашар ес.
Оқи отырыңыз:
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Хемингуэй ұсынған он кітап
Эрнест Хемингуэйдің өмір жолы (жалғасы)
Ұлылардың алғашқы романдары. "Жазушы" атанған жастар
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет:art.gazeta.kz