- Негізгі бет
- Көкжиек
- Эрнест Хемингуэй ұсынған...
Эрнест Хемингуэй ұсынған он кітап
Хемингуэй африкалық антилопаның терісі үстінде жазатын болған. Теру машинкасы кеуде тұсында орналасса, сол жақ шетінде қағаз бумасы жайғасыпты. Жазушы оларды тақтай үстіне түсіріп, қолмен жазатын болған. Жыл артқан сайын қол жазуы үлкен әрі баланыкіндей бола түсіп, ал өзі алғашқы әріптер мен пунктуация ережелерін ескеріп жатпаған. Жазылған дүниелерді машинканың оң жақ шетіне қойып отырыпты.
Әңгіме желісі оңайлыққа түсіп жатса немесе жай ғана диалогтардың бір бөлігін жазу керек болса, бірден теруге көшкен. Сол тұста өнімділіктің күнбе-күнгі тәртібі тұрған: жазушы әр күн сайын қанша сөз жазғанын түртіп отырған (сөз саны 450-ден 1250-ге дейінгі аралықта).
Хемингуэй өз кәсібіне поэзиямен бір деңгейде және прагматизммен қараған:
"Кітаппен немесе оқиғамен жұмыс жасауды әр күн сайын таңның алғашқы шұғыласынан бастаймын. Суық әрі салқын болса да, ешнәрсе кедергі келтіре алмайды, жұмыс үстеліне отырасың да, жаза бастағанша жылынып аласың. Жазғаныңды оқып шығып, эпизодтың ары қарай немен жалғасатынын біле отырып, жаза бастайсың. Бойда күш барда және жазатыныңды ойластырып қойған жерге дейін жазып шығасың да, жалғасын табатын ертеңгі күнге дейін дамылдап, өмір сүре тұруға тырысасың. Шамамен, таңғы сағат 6-дан бастап түске дейін жұмыс жасадың немесе ерте бітіріп қойдың.
Бітіргеннен кейін, бос қалғанын соншалықты, соншалықты бос қала отырып толысқан секілдісің, құдды сүйікті адамыңмен махаббатпен айналысқандай әсерде қаласың. Ешнәрсе де саған тиіп кета алмайды, ешбірі де опындырмайды - жұмысқа қайта отырғанша ертеңгі күнге дейін.
...Сильвия Бичтің кітапханасымен танысқаннан бері мен Тургеневтің шығармаларын түгел, ал Гогольдің ағылшын тіліне аударылып шыққандарының бәрін оқыдым. Сондай-ақ Констанс Гарнетт аударған Толстой шығармаларын, Чеховтың ағылшын тілінде басылғандарын да құмарта оқыдым. Торонтода біз Парижге әлі кетпей тұрғанда Кэтрин Мэнсфилд тартымды, тіпті өте жақсы әңгімелер жазады деп маған біреулер айтқан еді, бірақ әрі ақылды, әрі білікті, оған қоса тамаша етіп, түсінікті ғып жазатын қарапайым жазушы Чеховтан кейін оның әңгімелерін оқу әлі онша егде тарта қоймаған кәрі қыздың өз ойынан шығарған бәлду-батпақ жайттарын тыңдаумен пара-пар болар еді. Мэнсфилдтің әңгімелері су қосқан сыра сияқты болатын.Ондай сырадан гөрі судың өзін ішкен артық қой. Ал Чеховтың әңгімелерінде судың мөлдірлігіне ұқсас бір нәрсе бар еді. Кейбір әңгімелері күнделікті хроника хабарлары сияқтанып кетеді, ал кейбіреулері шынында да ғажайып дүниелер. Достоевскийде шындыққа келетін де, келмейтін де жайттар бар, сонысымен бірге сондай нанымды нәрселерді де жазады, оларды оқып отырып өзіңнің де өзгере бастағаныңды сезбей қаласың. Бейшаралық пен ақымақтық, кертартпалық пен әулиелік, құмарпаздықтың тежеуге болмайтын шындығы, Тургенев шығармаларындағы табиғат көріністері мен жолдардың, Толстойдағы ұрыс әрекеттерінің ауқымы, әскердегі офицерлер мен солдаттардың қимыл-әрекеттерінің нанымды шындығы сияқты боп көрінеді. Толстойдың мұнысымен салыстырғанда Стивен Крейннің біздегі азамат соғысын жазғаны, бір кездегі атамның үйіндегі маған ұқсап, еш уақытта соғысты көрмеген, тек бар болғаны ұрыс пен ерлікті кітаптардан ғана оқыған, Брэдидің фотосуреттерін ғана көрген нақұрыс баланың қолдан ойлап шығарған өтірігі сияқты еді.
Стендальдың "Парм шіркеуін" оқығанға дейін мен Толстойдан өзге соғысты осыншама тамаша бейнелеген ешкімнің шығармасын оқыған емеспін, айтпақшы, Стендальдің әлгі айтқан соншалықты әсерсіз романындағы Ватерлоо шайқасын суреттеуі жат көрініс сияқты боп кетеді. Бүкіл осы жаңа кітаптар дүниесімен танысу, қандай кедей дегенмен де жақсы тұрып, тым тәуір жақсы жұмыс істейтін Париж сияқты қалада оқуға уақыт табудың өзі баға жетпес қазына табумен бірдей еді. Осы қазынаны өзіңмен бірге саяхатқа алып кетуге де болады, біз барған Швейцария мен Италияның қалаларында; Австриядағы Форарльбергтің биік таулы аңғарларының бірінде әлі Шрунсті ашпай тұрғанымызда кітаптар өзімізбен бірге болды, сөйтіп сен өзің тапқан жаңа дүниенің қақ ортасында жүрдің; күндіз айналаң қар, қыс жұмбақтарын бойына сақтап мүлгіп тұрған ормандар мен мұздақтар, биік таудағы қыстақтың "Таубе" мейманханасындағы өзің түнеп шығатын орның, ал түнде орыс жазушылары өзіңе сыйға тартқан өзге керемет дүние - міне, ғажап десеңізші! Мен ең алдымен орыс жазушыларына жүгінетінмін, содан кейін барып өзге жазушыларды оқисың..."
Сонымен, Эрнест Хемингуэйдің әдебиетке барғысы келетін жас буынға ұсынар кітабы:
«Көк мейманхана»
Стивен Крейн
Хемингуй мен Герберт Уэллс бұл авторды өз заманының ең мықты жазушысы деп таныған. Жазушының америкалық Батыстың мифологиясы, қорқынышы мен үрей үстемдігі турасында жазған шығармалары үздік саналады.
«Ашық теңіздегі кішкене қайық»
Стивен Крейн
Кеме апатынан тірі қалған төртеу жайлы ирония мен символизмге толы әңгіме Крейннің атақ-даңқын алысқа шығарды. Бұл шығармасы Хемингуэйдің "Шал мен теңіз" повесіне туыс-жақын келуде.
«Бовари ханым»
Гюстав Флобер
Роман өлшеп-белгіленген шекара аумағынан құтылып шыққысы келген дәрігердің әйелі жайлы. Оқиға желісі мен матриалдық, психологиялық деталдар өте-мөте мұқият қоюластырылған. Тіпті, шығарманың ақиқаттылығы автордың өзіне де әсер етіп, Эмма Боваридің жолға шыққан кезінде бірнеше рет жүрегі айнығанын жасырмаған.
«Дублиндықтар»
Джеймс Джойс
Джойстың ертеректе жазған импрессионисттік әңгімелер жинағында Дублиннің қарапайым тұрғындары жайлы, оның ішінде болашақ «Улистің» кейіпкерлері көрініс табады. Ал жинақ өз алдына композициялық толық-тұтас аяқталған әдеби форма ретінде қарастырылады - шағын прозаға бет бұрғандардың назарын аударары анық.
«Қызыл мен қара»
Стендаль
Махаббат пен атақұмарлық жайлы тамаша роман Стендальді психологиялық реализмнің бірден-бір басты өкіліне айналдырды. Хемингуэй оны өз ұстазы санаған. Десе де, одан басып оздым деген кездері болып тұрған.
«Адами құлқын-тілектің ауыртпалығы»
Сомерсет Моэм
Автобиографиялық деталдарға толы оқиға желісі - адамзат жаратылысының мақсатсыздығын сезініп, түбі ақыры өз бақытын табуымен аяқталатын бір жасөспірімнің өмірі жайлы.
«Анна Каренина»
Лев Толстой
Хемингуэйдің орыс әдеби дәстүрге жақындығын көптеген сыншылар айтқан. Толстойдың бұл романы махаббат пен отбасылық қарым-қатынастың толыққанды түсіндірулерімен ғана бағалы болып қоймай, сонымен бірге реализмнен модернизмге аяқ басқан "өтпелі" туынды саналады.
«Соғыс пен бейбітшілік»
Лев Толстой
Бір түрлі көрінсе де, Хемингуэй "Соғыс пен бейбітшіліктен" кейін қысқалыққа үйреніпті.
«Будденброки»
Томас Манн
Бір әулеттің қалай күйреп кететіні туралы оқиға алғашқыда кең ауқымды шығарма болады деп ойластырылмаған. Бірақ, Манн өз кейіпкерлеріне сенім артуды жөн көріпті. Сол себепті де, "тік мінезден туған шығармасы" араға 30 жыл салып болса да, оған Нобель сыйлығын алып келді.
«Көрісу мен қоштасу»
Джордж Мур
Үш томнан тұратын автобиографиялық еңбекте Ирландиядағы протестанттық англо-ирландық элита мен католиктік орта өкілдерінің билікке талас қылған жылдары баяндалады. Жазушының қырағы көзі алыстағыны шалған. Мурдың өзі айтқандай, дублиндік орта "кітапқа енуге қорықпайтын және енуге қорқатын" болып бөлініпті.
«Ағайынды Карамазовтар»
Федор Достоевский
"Достоевский жайлы әлі күнге ойға берілемін. Адам қалай нашар жаза отырып, онысы тіптен нашар шыға тұрып, соншалық қатты әсер ете алады?" - деген Хемингуэй. Эйнштейн, Кафка, Джойс пен Воннегут есімді тұлғалар романның өз лайықты бағасын берген.
«Ағылшын поэзиясы оксфордтық жинақта»
1900 жылы Артур Квиллер-Кауч қолға алған ағылшын поэзиясының інжу-жауһар жырлары бірнеше рет нысаны өзгеріп, ең ақырында "кез келген ақын армандайтын сыншы" аталып кеткен оксфордтық профессор Кристофер Рикстің қолына тиіпті...
«Алып абақты»
Эдвард Эстлин Каммингс
Ақынның автобиографиялық романында француз абақтысында өткізген психологиялық портреттер мен шиеленісті суреттемелерге толы төрт ай суреттеледі.
«Нөсерлі асу»
Эмилия Бронте
Жарқын бояуға толы сюжеттер көптеген режисссерлерге қанат бітірген: образдылығы, психологиясы, готикалық сарындағы жаңа интерпретация, және де кейіпкердің түс-келбеті жас қыз-келіншектердің ғана жүрегін жаулап қоймай, сонымен бірге ойлы қаламгерелер ортасында қызығушылық тудырған.
«Бұрынырақта және ертеректе»
Генри Хадсон
Хадсонның автобиографиясында жазушының аргентиналық пампаста өткен балалық шағы айтылады - әсерленгіш баланың жабайы табиғаттың сұлулығына көп қамығуы мен көп әсерленуі араласып, тарихи суреттемелер толықтастырылған.
«Американдық»
Генри Джеймс
Жаңа әлем мен Ескі әлемнің соқтығусуы мен ықпалдаусы айтылады. Драмалылығы шеттен шыға шиеленіскенмен, буржуазия мен аристократияның ара салмағы сыншылар мен оқырмандарға ой салады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: brodude.ru