- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Досыңның қасынан да...
Досыңның қасынан да сақтан
Біз сіздерге бұған дейін әлем халықтарының отбасы, тәрбие, еңбектену, ақыл-парасат, өмір жайындағы мақал-мәтелдерін ұсынған едік. Бүгінгі бөлісер мақалдарымыздың тақырыбы достық, сүйіспеншілік турасында болмақ.
Жар үшін таяқ жесең, жара түспес (ұйғыр).
Жігітті сүйген қызы мақтамас (татар).
Бағы бардың жұбайы өзіне тең болар (татар).
Күйеуім алғандағыдай,
Көңілім мейрамдағыдай (татар).
Қыздың сырын білгің келсе,
Құрбысымен тілдес (татар).
Қалыңдығың сиықсыз болса,
Қайын енеңнің көркінен не пайда?! (ауған)
Аю екеш аю да
Біледі сүю жайында (ауған).
Ғашықтың кәрі жасы да, Бола алмас ие жасына (ауған).
Сұлулық сұқтануға жақсы, Ақылды жұптануға жақсы (орыс).
Жарды тойдан іздеме, егінжайдан ізде (латыш).
Махаббат та өшпенділік сияқты,
Ажыратпас алыс пенен жырақты (ағылшын).
Бірін-бірі сүйсін дегенше, бірін-бірі білсін де (француз).
Мейлі ғой тас болса да жастанғаным,
Көңілімнен шықса болды құшқан жарым (күрд).
Досы жоқ басым – тұзы жоқ асым (өзбек).
Әкең барда, дос тап, Атың барда, жол тап (түрікмен).
Дос жылатып үйретер, Дұшпан күлдіріп күйретер (башқұрт).
Жан досыңа қиғаның – Ертеңге қор жиғаның (суахали).
Біреуді білгің келсе, достасқалы,
Істес бол, не жолға шық қостастағы (тәжік).
Бәрі де қолдағыңның болсын жаңа,
Ескіден қалсын ескі досың ғана (тәжік).
Өкпелетсең досыңды – қуантарсың қасыңды (парсы).
Өлең шөпке өрт салма, Дос жүрекке дерт салма (тува).
Досыңның қасынан да сақтан,
Қасыңның досынан да сақтан (араб).
Досың жәбірлесе, жылай біл,
Жауың жәбірлесе, шыдай біл (ауған).
«Әлем халықтарының мақал-мәтелдері» кітабынан
@. @assel_assanova