Люст заңы: "Барлық әйел жалғыз данасы қалған затты сатып алғысы келеді"

Люст заңы: "Барлық әйел жалғыз данасы қалған затты сатып алғысы келеді"
Фото: .ilarialauriapsicologa.it

Өмірге байсалды көзқарас принципі біздің ағзамызға күніне тым болмаса жиырма минут тыныш жалғыздық керегін айтады. Ішкі дүниенің тыныштығы бізді ең негізгілерді қосалқылардан айыруға, жүйкені қалпына келтіруге, кездейсоқтыққа дайын болуға, көрегендікке, байқағыштыққа, түсіністікке және ақылға келуге үндейді.

Өмір түрлі заңдылықтар мен ережелерден тұрады. Ол күнделікті тәжірибеден жинақталады. Артур Блох деген америкалық жазушы 1977 жылы "Мэрфи заңы" кітабын бастырды, сонда мынадай ойнақы тұспал бар: "Егер бір жайсыздық болуы тиіс болса, ол міндетті түрде болады". Бұл ой өмірде Мэрфи заңы аталып қалып қойды. Осы секілді заңдылықтар мен ережелер әртүрлі. Төменде Мырзагелді Кемелдің "Абзалдық әліппесі" кітабынан керекті тәмсілдерін ұсынамыз.

Заңдылықтар мен ережелер

• Питердің принципі: Адам қызмет сатысында өзінің қабілеті жете алмайтын биікке дейін көтеріледі.

• Тыңдау аксиомасы: Әсершіл адамдар бірнәрсеге көңілі толмағанда, сөйлескен адамынан ақылшыны емес түсіне білетіндерді көргісі келеді.

• Көзқарас иллюзиясы: Адам басқа біреуге өзі қандай көзбен қараса, оның да өзіне сондай көзбен қарауын тілейді.

• Зимерги заңы: Қажет болмай қалған жұмысты істеп тастауға дайын адамдар көптеп табыла кетеді.

• Шайтанның суретін салу ережесі: Шайтанның суретін салу қораздың суретін салудан оңай, өйткені шайтанды ешкім көрген емес, сондықтан ұқсамайды деп ешкім айта алмайды.

• Лерманның байқауы: Сізге әрқашанда я уақыт, я ақша жетпей тұрады.

• Тоддтың алғашқы екі саяси принципі:

- Сізге не айтып жатса да, барлық шындықты түгел ақтарып айтпайды.

- Не туралы айтылса да, сайып келгенде, әңгіме қашан да ақша туралы болып шығады.

• Мейердің заңы: Күрделендіру оңай, жеңілдету қиын.

• Люст заңы: Барлық әйел жалғыз ғана данасы қалған затты сатып алғысы келеді.

• Ширлидің заңы: Адамдардың көбісі бір-біріне лайық.

• Бір бөлмеде жату ережесі: Қорылдайтын адам алдымен ұйықтап кетеді.

• Таныстардың кездесіп қалу принципі: Егер сен көшеде біреумен келе жатып, мені ешкім көрмесе екен деп тілесең, таныстар кездесе беретін әдеті бар.

• Гейтс заңдылығы: Біреуге қиналғанда жәрдем берсең, кейін ол қарамай кеткенмен, қинала қалса, алдымен есіне сен түсесің.

• Деннистон заңы: Қайырымдылықтың өзі - жаза.

• Эдельштейннің ақылы: Сіз жайында өзгелер не ойлайтынына бас ауыртпаңыз. Олар сіздің өздері туралы не ойлайтыныңызда білгісі келіп мазасызданып жүр.

• Мидер заңы: Егер бір оқиға кездессе, ол тек менің басымда ғана болған екен деп ойлайсың.

• Свипл ережесі: Кім қаттырақ айғайласа соған сөз беріп құтылады.

• Паркинсонның тоқтата тұру заңы: "Кейінге қалдырайық" деу орындамаудың ең шошынарлық түрі.

• Паркинсонның аксиомасы: Әрбір бастық қарсыластардың емес бағыныштылардың санын көбейтуге тырысады.

• Джейдің басқарудағы бірінші заңы: Жағдайды өзгерту - басшының басты қасиеті, ал жағдайды басқалардан бұрын өзгерту - білікті басшының белгісі.

• Мэтчтің нақылы: Жоғары қызметке ие болған ақымақ адам, таудың басында тұрған адам сияқты: төмендегілер оған ұсақ болып көрінеді, ал төмендегілерге өзі ұсақ болып көрініп тұрғанын сезбейді.

• Хансеннің баяны: Адам мезгіл-мезгіл шындыққа сүрініп тұрады, бірақ әрқашан ұшып тұрып, ештеңе болмағандай әрі қарай жүре береді.

• Менкен заңы: Қолынан келетін адам жұмыс істейді. Қолынан келмейтін біреулерге үйретеді. Үйрету қолынан келмейтіндер - басқарады. Басқару да қолынан келмегендер - билік етеді. (соңғысы - Мартиннің қосымшасы).

• Ерегістің бірінші заңы: Ешуақытта ақымақпен ерегіспе, адамдар екеуіңнің айырмашылығыңды байқамай қалуы мүмкін.

• Букер заңы: Ең кішкене тәжірибе үлкен теориядан артық.

• Бридж ойынының бірінші заңы: Айыпты қашанда әріптесің.

• Рейберн ережесі: Келісіммен өмір сүргің келсе - келіс.

• Басшылықтың толыққанды еместігінің бірінші заңы: Бастыққа өзіңнің ақылдырақ екеніңді білдіре көрме.

• Перкинс заңы: Төмен отырған сайын таяқты көп жейсің.

• Стюарттың кері әсер заңы: Келісіп алғаннан сұрап алған жеңіл.

• Уитцлер заңы: Кімдікі дұрыс екені білінбейтін жерде кім жауапты екені көрініп тұрады.

• Шредер заңы: Бір шешімге келе алмаудың өзі жұмсақтықтың белгісі.

• Хлейдтің заңы: Күрделі мәселені шешуді жалқау қызметкерге тапсырса, ол ең оңай жолын табады.

• Купердің метазаңы: Жаңа заңдарды орындамауға болатын жаңа жолдар табылады.

Осы айтылған заңдылықтардың бәрі өмірлік тәжірибеден алынған және әмбебап.

Шындық туралы

• Шындық қолға ұстап келе жатқан алау секілді, ұстағанның қолын күйдіреді.

• Адам шындыққа кездеспей тұрмайды, бірақ көбісі оны айналып өткісі келеді.

• Шындық жек көргізеді.

• Шындық майысуы мүмкін, бірақ сынбайды.

• Шындық көп, ақиқат біреу.

• Тұмаудың жұқпалылығы, тез тарайтыны, денсаулықтың жұқпалы еместігі, бос сөз оңай тарап, ақиқаттың тарауының қиын екендігі сияқты.

• Қателесіп, қайғы шекпеген, қиындық көрмеген кісі ақиқаттың да, бақыттың да не екенін білмейді

• Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты,- деген Гераклит.

• "Саған ұнамағаны үшін ақиқатты жоққа шығарма",- депті Чернышевский.

• Таң қалу үшін бір сәт қана жетеді, ал таң қалдыру үшін бір өмір де жетпей қалуы мүмкін.

• Картаға қарасаң, бүкіл бір құрылық алақандай жерде екенін көресің. Бірақ сен тұрған қала сол картада бір ақ нүкте. Содан қорытынды жасай бер.

• Піл мен масаның суретін бір жерге салсаң, пілді кішкене, масаны үлкен етіп салуға мәжбүр боласың.

• Ит құйрығын бұлғаңдатса, сүйек тастаймыз; үрсе, таяқтағымыз келеді.

• Оңбағандарды іздеме. Оңбағандықты жақсы адамдар да жасайды. Мың қарғаны бір кесекпен үркітуге болатынындай, ойсыз тобырды бір ауыз сөзбен ертіп кетуге болады.

• Көзсіз берілу - сатқындықтан онша алыс емес.

Алдымен дастарханның төрінде тұрып, босаған соң лақтырып тастайтын бөтелкеден, төменде жылы орны бар, пайдаланып болған соң тазалап жоғары алып қоятын шәйнек жақсы.

• Оттың ертеңі - күл. Қатты жанған алау тезірек сөнеді.

• Шөпті арнайы, жұмсақ, құнарлы топыраққа ексең, түгел шықпайды да, асфальттың жарығына түсіп кеткен бір-екі дән өседі.

• Үлкен тасқа сүрінбейді, айналып өтеді.

• Әкке сөндіру үшін су құйса, жанады.

• Жай тұрғанда сені бағындырып тұратын адамдар болады.

• Ұжымда жұмыс істегенде, бір жұмысты басқалардан гөрі тәуірірек атқарсаң, алдағы кезде сол секілді жұмыс сені табатын болады.

• Өзіңе жәрдем беретін сөзді өзіңе-өзің айта алмайсың.

• Шөлдеп тұрғанда көзенің әсемдігін көзің көрмейді.

• Теңіз ойыншық бола алмайды, ал аквариум керісінше. Кішкене нәрселерге қызығасың, үлкен нәрселерге құрметпен қарайсың.

• Жаман адамдар бізде көп деген бекер сөз. Бірақ жақсы адамдар азы рас.

Т. Раушанұлы