Мамандар қызметі неге қымбат тұрады?

Егістікте жұмыс істеп жатқанда диқанның тракторы бұзылып қалды. Әрі қарап, бері қарап, өздігінен жөндейін десе, қолынан келмей қояды. Сөйтіп арнайы маманды шақырды.

Ол тракторды мұқият қарап, стартердің жұмысын тексеріп, капотты қарап, барлығын байыппен тексерді. Содан соң барып балғаны алды да, моторды бір ұрды. Трактор от алып, еш жері бұзылмағандай гүжілдеп кетті.

Шебер диқанға қызметінің құнын айтқанда, ол жағасын ұстады.

– Балғамен бір ұрғаның үшін жүз дирхем сұрайсың ба? – дейді.

– Тіпті де олай емес. Балғамен ұрғаным үшін 1 дирхем талап етемін, ал қалған тоқсан тоғыз дирхемін білімім үшін, қажетті нүктесін тауып ұрғаным үшін аламын,– деді.