Таңғажайыпқа сенуді Макс Фрайдан үйреніңіз

Макс Фрай – қос автордың біріккен лақап аты. Олардың өз есімдері: Светлана Мартынчик және Игорь Стёпин. Атына қанық болсақ, жазғандарына көңіл қояйық.

Үнемі аяқ астынан жолыңыз болып кетеді әрі оған етіңіз үйреніп кетті ме? Менің ұраным «Қандай жағдайда да жеңіске жету керек» емес, «Жеңістің құны қымбат!».

Шыңнан құзға құласаңыз, неге ұшып көрмеске? Одан не жоғалтасыз?

Әр адам өз тағдырының суретшісі, сценарисі, авторы. Өмірдегі өкінішіне де, кемшілігіне де өзі кінәлі. Әлем қатігездікке толы деп, бар кінәні өзгелерден іздеу – ақымақтың ісі.

Өзіңізді сүйіңіз, іштей мақтан тұтыңыз. Мұндай жауапкершілігі жоғары істі өзгелерге жүктемеңіз.

Макс мырза, үйге кеттік. Тамақ жейміз, мұңаямыз, ойланамыз.

Күту мен үміттену – тез арада есіңнен адасудың ең оңай жолы.

Бір маңызды құпия: бару керек тәрізденген жерге емес, барғың келген жаққа қарай жүру керек.

Біз жарап тұрмыз. Қолдан келгеннің бәрін істедік. Енді біршама қолдан келмеген шаруаларды атқарып көрейік, жетістік табалдырықта тұр, сәл қалды.

Ең жақсы сапар – соңы жоқ саяхат.

Әр адамның өмірінде ұшып білетініне көз жеткізу үшін өзін құздан тастап жіберу керек кезі болады.

Барлық адам әрдайым бақилыққа кетеді. Қайта оралу мүмкін емес – біздің орнымызды басар адам келеді.

Әлем өзгелердің өмірінде не болып жатқанын толық білетініне сенімді адамдарға толы. Осыны байқадыңыз ба?

Тұлғаның екіге қақ жарылуы қандай ғажап – жан тыныштығына апаратын қып-қысқа жол.

Кез келген әйел – ессіз құс. Мәселе, олардың көпшілігі ұшып үйренуге талпынбайтынында. Оларға тек ұя салса болды.

Менің алтын ережем: болып жатқан жағдайлар көңіліме кірбің келтіре бастаса, дереу кету керек.