Алтын лай бетінде де жалтылдайды

Испандықтар – өмірге ғашық, жүректері сезімге толы халық. Олар үнемі жандарының жайлы болғанын қалап, сол үшін көңілдеріне ұнайтын нәрселермен айналысады. Жаңа бір дүниені ашып, жақсы көретін істерінен ләззат алады. Кез келген нәрсенің тек жарқын жақтарын көруге тырысатын испан ұлтының даналығы да өз алдына бөлек бір әңгіме. Бүгін біз осы халықтың асыл сөздерінен бір үзік ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Адамның түбіне үш «көп» пен үш «аз» жетеді: көп сөйлеу және аз білу, көп қиялдау және аз тындыру, көп жарату және аз нәрсеге қол жеткізу.

Кім сізбен өсек айтса, сол сізді өсектейді.

Адамдар көп, тұлғалар аз.

Алдымен өрмекшінің ұясы секілді көрінген әдет уақыт өте мықты тұзаққа айналады.

Сүзеген сиырға Құдай да мүйіз бермейді.

Қарызға ақша бердім дей бер – досымнан айырылдым дей бер.

Кез келген таңғажайып бір-екі сағатқа ғана ұласады.

Сыртқы келбет – алдамшы, жаңа дос – сенімсіз.

Бос бөшкені дыбысы қатты шығады.

Алтын лай бетінде де жалтылдайды.

Құдайдан сұра, бірақ шектен шықпа!

Кірісің көбейсе, әлегің көбейеді.

Пысық әйелдің қызы – жалқау.

Ауырғанда ғана кімнің қатты жақсы көретінін білесің.

Үшеу білген сырды үш күн өтпей бәрі біледі.

Ешқашан қателеспесең, ешқашан жеңбейсің!

Біреуді қатты сынама, ол да сендей – Құдайдың құлы.