Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме

Профессор дәрісті бастамас бұрын қолына су құйылған стақанды алады. Оны студенттердің барлығы көретіндей жоғары көтеріп:

- Бұл стақанның салмағы қанша деп ойлайсыздар? – деп сұрайды.

Аудитория бірден жанданып, сыбырласа жөнеледі.

- Шамамен 200 грамм. Жоқ, меніңше, 300 грамм. Мүмкін 500 грамм шығар! – сынды жауаптар айтылады.

- Мен оның салмағын өлшеп көрмейінше, жауабын айта алмаймын. Бірақ, мәселе мұнда емес. Оны бірнеше минут бойы қолымда ұстап тұруымда. Қалай ойлайсыздар? Оны аз уақыт ұстап тұрсам не болады?

- Ешнәрсе болмайды!

- Расымен де, ешнәрсе болмайды. Ал қолымды алға созып, осы стақанды 2 сағат бойы ұстап тұрсам не болады?

- Сіздің қолыңыз ауыра бастайды.

- Күні бойы ұстап тұрсам ше?

- Қолыңыз жансызданып, бұлшық етіңіз ауырады. Тіпті ауруханаға баруыңыз мүмкін.

- Мен оны күні бойы ұстап тұрсам салмағы өзгере ме?

- Жоқ, - деп жауап қайтарған студенттер абыржып қалады.

- Мұны қалай реттеуге болады?

- Жай ғана үстелдің үстіне қойыңыз, - деп студенттердің бірі күлімсіреді.

Профессор студенттің бұл жауабына қатты қуанды. Өмірдің қиындықтары да осы сияқты. Қиындық туралы ойлай беретін болсаңыздар, олар міндетті түрде жаныңыздан табылады. Ол туралы бірнеше сағат бойы ойлай беретін болсаңыз, өзіңізді жегідей жеп жібересіз. Ал күні бойы ойласаңыз, жансызданып қаласыз. 

Қиындықтар туралы ойлауға болады. Бірақ, оның еш пайдасы жоқ. Ойлағаннан салмағы азаймайды да. Қиындықты тек әрекет арқылы жеңуге болады. Оны шешіп, шетке ысырыңыз.

Жансыздандыратын ауыр жүкті мойныңызға артудың қажеті жоқ.

Сурет: Максим Акулов