"Теңізге ұзақ қарасаң, адамдарды сағынасың"

Шын сезімімізді кейде сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Харуки Муракамидың қаламынан тамаша сөздер туған. Ол адамның жан дүниесін жақсы танып, нақты суреттей алған жазушы.

Оның ең әсерлі дәйексөздерін ұсынамыз:

1. Махаббатсыз өмірді есік сыртындағы желге теңеуге болады. Ұстай да, сезе де алмайсың.

2. Бұрын «адамдар жыл өткен сайын есейеді» деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін. Себебі, адам бір сәтте есейіп кетуі мүмкін.

3. Өмірде қате пікір болмайды. Тек біздің пікірімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар.

4. Бір-бірімізді құшақтағанда қорқыныштарымызбен бөлісеміз.

5. Егер әркім әлемде бәрі жақсы болады деп сенсе, бұл ғаламда қорқыныш жойылады.

6. Қанша тырыссаң да, ауратын жер аурады...

7. Сезімді сыртқа шығарып үйрену қажет. Әйтпесе, ол іште жатып, қатайып, өледі...

8. Жүрек бір қатты қабыққа ие секілді, сол себепті мен ешкімді сүйе алмаймын...

9. Бір-бірімізге адал болып, көмекке келуге дайын болуымыз керек.

10. Кез келген бос қуыс бір нәрсемен толысады, уайымдама.

11. Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.

12. Біздің өміріміздің екі жағы бар: болған жайт және есіңе түсіргің келмейтін жайт.

13. Естеліктер бізді жылытады. Сонымен қатар, бізді мұңайтып, қамықтыратын да сол естеліктер...

14. Теңізге ұзақ қарасаң, адамдарды сағынасың. Адамдарға ұзақ қарасаң, теңізді сағынасың.

15. Алыстан қарасаң, кез келген зат әдемі болып көрінеді.

Сурет: Ерлан Кидиров

«Шынайы махаббат адамның жүрегінде мәңгілікке қалады»

«P.S. Мен сені сүйемін» кітабынан алынған дәйексөздер

«Сенбеймін. Үміттенбеймін. Сүйемін» кітабынан алынған дәйексөздер