Видеодағы объектілерді жоя алатын жасанды интеллект пайда болды

Видеодағы объектілерді жоя алатын жасанды интеллект пайда болды
Фото: unsplash.com

Жасанды интеллект негізіндегі бағдарлама видеодағы кез келген объектіні өшіре алатын. Ол үшін керек объектіні белгілесе жеткілікті, қалғанын жасанды интеллект өзі істейді. Бағдардаманы zllrunning псевдониміндегі қолданушы GitHub веб-сервисіне жүктеген.

Редакцияланған видеода өшірілген объектілердің қалдығын байқауға болады. Әйтсе де, бұл бағдарламаның бірінші нұсқасы екен. Әзірге ол секундына 55 кадр трекингті ғана игере алады, оның мүмкіндігі кейін арта түспек. 

Нәтиже фонға да байланысты. Егер ол біртекті болса, объекті жақсы өшіріледі. Ал фон көп ауысса, объектінің "фантомы" бәрібір білініп тұрады. 

Осыған ұқсас функцияны бұған дейін Adobe жасаушылары ұсынған еді. After Effects-те Sensei жасанды интеллектісінің алгоритмдері фонды өңдеп, көлеңкені алып тастай алады.

Мұндай бағдарламалар фейк-видеолардың көбеюіне сеп болады деп қауіптенеді желі қолданушылары. Оның алдын алу үшін де қарсы бағдарламалар шығып жатыр. Мысалы Adobe Systems контенттің өңделген-өңделмегенін анықтай алатын бағдарлама жасаған еді. Бірақ бұл нейрожүйе тек фотоларды ажырата алады.

Massaget.kz