Adobe нейрожүйесі фотосуреттің өңделгенін анықтай алады
![Adobe нейрожүйесі фотосуреттің өңделгенін анықтай алады](/userdata/news/news_57521/image_l.jpg)
Фото:
pexels.com
Adobe Systems компаниясының мамандары фотосуреттің Adobe Photoshop бағдарламасында өңделген-өңделмегенін анықтай алатын нейрожүйе жасап шығарды.
Енді "Бет пішін пластикасы" сынды автоматты құралдар өңдеген суреттердің бастапқы нұсқасын көруге болады. Нейрожүйенің дәлдігі 93,9% екен.
Дегенмен бұл бағдарлама сатылымға шықпайды, бірақ болашақта фотосуретке қатысты нейрожүйе механизмдеріне қолданылмақ.
Massaget