- Негізгі бет
- Техно
- Пандемияда YouTube статистикасы...
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?
Yoola медиакомпаниясы YouTube видеохостингіне талдау жасап, 2020 жылдың бірінші жартысына арналған статистикасын жариялады.
Пандемия кезінде көрілім саны 30%-ға өскен, лайк 52%-ға жиірек қойылатын болған, ал дизлайк тіпті шарықтап кеткен – 75%.
Қолданушылар сенбі мен жексенбі күндері видеохостингіге жиі кіреді. YouTube аудиториясының 40%-ы дәл демалыс күндері видео көреді және көбіне смартфоннан көретін болған – 70%. Ал Android vs IOS күресінде Android-тың үлесі көбірек – 72%.
YouTube-тің белсенді аудиториясы әлі де сол 25-35 жас аралығындағы қолданушылар, одан кейін 13-17 және 18-24 жас аралығындағы көрермендер.
Пандемияда әйелдердің үлесі 3,6% артқан, бірақ ерлердің үлесі әлі де басым – 61%.
Видеохостингідегі танымал тематикалар аса қатты өзгермеген, тек гейминг арналарының үлесі артқан – 27%, одан кейінгі орында ойын-сауық сегменті мен балалар контенті. Ойын-сауық сегментінде фильмдерге жиі шолу жасалатын болған және музыканың үлесі артқан.
Ең маңызды статистика, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында таным, білім контентінің көрсеткіші едәуір өскен – 74%.
Қазақша YouTube: Саяхатшылар видеоблогы
YouTube-тегі ең тартымды 5 музыкалық livestream