NASA Титаннан тіршілік көзін іздеу үшін арнайы аппарат ұшырады

NASA Титаннан тіршілік көзін іздеу үшін арнайы аппарат ұшырады
Фото: DiePresse.com

NASA Титан ғаламшарынан тіршілік көзін іздеу үшін Dragonfly атты ұшқышсыз қонатын модульді ұшырады. Аппарат Сатурнның серігін зерттеуге арналып жасалған.

Бұл туралы NASA-ның директоры Джеймс Брайденстайн хабарлады. Ол өз сөзінде: "New Frontiers (Жаңа шекаралар) атты жоба аясында Сатурнның ең ірі серігі − Титанды зерттеуге бағытталған жаңа миссиямыздың басталғанын қуанышпен хабарлап отырмын. Dragonfly (Инелік) Титанның тығыз атмосферасында 100 мильден (160 км) астам қашықтықты бағындыратын алғашқы ұшқышсыз қонатын модуль болады", - деді.

Ғарыш ведомствосында мәлімдегендей, Dragonfly аппараты жоспар бойынша 2026 жылы "жолға шығып", 2034 жылы Титанға жетуі қажет. 

Сатурнның серігі Жердің алғашқы нұсқасына ұқсайды. Титанды зерттеу арқылы Жердегі тіршіліктің қалай пайда болғанын анықтауға болады.

Сондай-ақ "Инелік" Титандағы органикалық заттарды зерттеуге арналған құралдармен жабдықталады. Сол арқылы Титанның тіршілікке қолайлығын, бұрын-соңды ол жерде тіршілік болған не болмағанын анықтап көреді.

Айта кетейік, Сатурнның серігі Титан - Күн жүйесіндегі екінші ірі және бетінде сұйықтық заты бар серік екені белгілі. Негізінен бұлар метан-этанды көлдер мен өзендер, сол себепті жаңбыр да метаннан тұрады. 

Титандағы бір тәулік Жердегі 15,9 күнге тең болса, біздің 29 жыл және 5 айымыз Титандағы 1 жылмен бірдей. Сол себепті маусымның ұзақтылығы жеті жарым жылға жалғасады.

2009 жылы Титанда көктемгі күн мен түннің теңелу болған еді. Ал 2011 жылы оңтүстік бөлігіне қыс түссе, солтүстігінде ғалымдар күткен жаңбыр жауған жоқ.

Сол уақыттан бері ғалымдар Сатурн серігінің солтүстік бөлігін зерттеп келеді. Бүгінге дейін ешқандай өзгерістер байқалмаған. Алайда Айдахо университетінің ғалымдары 2016 жылы түсірілген Cassini суреттерінен 120 мың шаршы шақырымға созылған жарық аймақты анықтаған. Суреттер 2016 жылы 7 шілдеде түсірілген екен.  

А. Рысдәулет