Титанның солтүстігіне жауын түсті

Титанның солтүстігіне жауын түсті

Айдахо университетінің ғалымдары 2016 жылы түсірілген Cassini суреттерінен Титанның атмосферасынан жарық бұлттарды анықтаған. Бұл Сатурнның серігіне жазғы маусымның келгенін және сол жақ бөлігінде жаңбыр жауатынын дәлдейді. Жер планетасынан басқа тек Титанда ғана жаңбыр серіктің беткі қабатымен әрекеттесетіні белгілі. Зерттеуді Geophysical Research Letters журналы жариялаған.
 
Сатурнның серігі Титан - Күн жүйесіндегі екінші ірі және бетінде сұйықтық заты бар серік екені белгілі. Негізінен бұлар метан-этанды көлдер мен өзендер, сол себепті жаңбыр да метаннан тұрады.
 
Титандағы бір тәулік Жердегі 15,9 күнге тең болса, біздің 29 жыл және 5 айымыз Титандағы 1 жылмен бірдей. Сол себепті маусымның ұзақтылығы жеті жарым жылға жалғасады. 

2009 жылы Титанда көктемгі күн мен түннің теңелу болған еді. Ал 2011 жылы оңтүстік бөлігіне қыс түссе, солтүстігінде ғалымдар күткен жаңбыр жауған жоқ.

Сол уақыттан бері ғалымдар Сатурн серігінің солтүстік бөлігін зерттеп келеді. Бүгінге дейін ешқандай өзгерістер байқалмаған. Алайда Айдахо университетінің ғалымдары 2016 жылы түсірілген Cassini суреттерінен 120 мың шаршы шақырымға созылған жарық аймақты анықтаған. Суреттер 2016 жылы 7 шілдеде түсірілген екен. 

Бұған дейін ғалымдар Титанда алғаш рет шаңды дауылды байқаған болатын. 

Айбар Рысдәулет


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар