- Негізгі бет
- Техно
- Мессенджерлер бизнес әлеміне...
Мессенджерлер бизнес әлеміне қалай әсер етеді?
Мессенджерлердің қолданыс аясы күн санап ұлғайып келеді. Олардың алғашқы хабарлама алмасу қызметі бүгінде әлеуметтік медианың көп бөлігін қамтиды. Бұл бизнес әлемі үшін жаңа арнаға айналды.
Халық мессенджерлерді смартфондар мен планшеттердің заманы басталғаннан бері белсенді түрде қолданады. Business Insider зерттеуіне сүйенсек, әлемде кеңінен қолданылатын WhatsApp, Facebook Messenger, WeChat, Viber секілді мессенджерлер қолданушылары жағынан Facebook, Instagram, Twitter секілді әлеуметтік желілерді басып озған. Бұл соңғы уақытта мессенджерлердің аудиториясы артып келе жатқанын дәлелдейді.
Маркетинг саласына қатысты мәселелердің шешімін табу мақсатында қолданылатын мессенджерлердің негізгі 5 бағыты:
1. Тұтынушыны қолдау;
2. Контентті тарату;
3. Тұтынушының назарын аудару;
4. Тапсырмаларды орындау;
5. Ішкі қарым-қатынас.
Тұтынушыны қолдау:
Өз тұтынушыларыңызбен күндіз-түні байланыста болыңыз. Мессенджерлер арқылы тегін хабарласып, тегін хабарлама жібере аласыз. Қай елде болсаңыз да, іскерлік кездесу мен демалысыңыз туралы ескертуге мүмкіндігіңіз бар.
Тұтынушының сұрағына кез келген уақытта жауап беруге дайын болыңыз. Олар әрқашан қарама-қарсы жауап күтеді. Егер мүмкіндігіңіз болмаса, виртуалды көмекші – боттардың көмегіне жүгініңіз. Соңғы уақытта кеңінен қолданысқа ие болған Telegram мессенджері бот-инфрақұрылымын интернет кеңістігінде еркін қолданады.
Жаңалықтардан құр қалмай, біздің Telegram арнамызға жазылыңыз.
Контентті тарату:
Мессенджерлер арқылы ақпарат алмасыңыз. Өзіңіздің арнаңыз сіздің блогыңыз іспеттес. Жаңалықтармен бөлісіңіз, сауалнама жүргізіңіз, кеңестер беріп, қызықты ұсыныстар айтыңыз. Контент қарапайым әрі жеке адамға арналған болуы тиіс. Тікелей жарнама қолданушының шамына тиеді. Өйткені, адамдардың көпшілігі мессенджерді жеке әңгімелесуге мүмкіндік беретін интернеттің шағын бөлігі деп қабылдайды.
Тұтынушыны тарту:
Мессенджер фидбектің болуымен ерекшеленеді. Мұны өз пайдаңызға жұмсаңыз. Тұтынушыдан қарсы байланыс пен лүпілдерді талап етіңіз. Тапсырыстың орындалғаны жөнінде немесе тауар туралы пікірі өзге тұтынушылардың назарын аудартпай қоймайды. Сондықтан, тапсырыс орындалғаннан кейін де олармен байланысты жоғалтпаңыз.
Тапсырмаларды орындау:
Мысалы, кейбір мессенджерлер арқылы тапсырыс қалдырып, тауарға қатысты мазалаған сұрақтарға жауап беруге болады. Жеткізу қызметін де анықтайды. Тіпті, соңғы уақытта Телеграм арқылы төлем қызметін атқаруға болады.
Ішкі қарым-қатынас:
Компанияның қызметкерлерімен жақсы қарым-қатынас орната білу бизнесте өте маңызды рөл атқарады. Халықаралық нарықта WhatsApp қызметін қолданыңыз, ал Skype онлайн видеоконференция өткізуге септігін тигізеді.
Қазір мүмкіндік көп, тек сіз қолдана білсеңіз жеткілікті.