Брайан Эктон да Facebook-ке қарсы үндеу жолдады

Брайан Эктон да Facebook-ке қарсы үндеу жолдады
Фото: google.com

«WhatsApp» мессенджерінің негізін салушыларының бірі Брайан Эктон пайдаланушыларды «Facebook» аккаунтарын өшіріп тастауға шақырды. Бұл жайында ол «Twitter» парақшасында мәлімдеді.

#deletefacebook хэштегімен "Уақыты келді" деп жазады Эктон.

Естеріңізге сала кетейік, «WhatsApp» мессенджерін Эктон мен оның командасы 2014 жылы 16 миллиард долларға Марк Цукербергке сатып жіберген. Мұндай қадамға ол «Facebook» әлеуметтік желісі айналасында дау өршіп, Трамптың сайлау алды компаниясына қызмет көрсеткен «Cambridge Analytica» компаниясы «Facebook» желісіндегі 50 миллион адамның жеке мәліметтерін рұқсатсыз пайдаланды деп айыпталғаннан соң барып отыр.

Осыған дейін Илон Маск Facebook-тағы «SpaceX», «Теsla» парақшаларын өшіріп тастаған болатын.

Т. Раушанұлы