- Негізгі бет
- Техно
- Мақсатқа жету үлгісі:...
Мақсатқа жету үлгісі: Tesla компаниясы
АҚШ кәсіпкері Илон Маскке тиесілі Tesla акциясының өсуі "Teslaners" атты жаңа инвесторлар тобы құрылуына әкелді.
Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?
Tesla акциялары 2020 жылы 700 пайызға өсіп, Илон Маск 1 жылда 100 миллиард доллар табыс тапты. Бұл Маскты уақытша болса да әлемнің ең бай адамына айналдырды.
Қазір Teslа компаниясы Ford пен Volkswagen сияқты алпауыт компанияларды басып озып, әлемдегі ең қымбат автокөлік компаниясы атанды. Бірақ Tesla акцияларына ақша салғандар бұл күнге оңай жеткен жоқ.
8 жылдан бері компания табыс таппай, тек шығынға ұшырап келеді. 2017 жылғы шығын 2,24 миллиард доллар болды. Соған қарамастан, компанияның нарықтағы капитализациясы одан ары өсіп 64,25 миллиард долларға жетті. Осылайша Tesla капитализациясы General Motors және Ford Motor компаниялары капитализациясынан асып түсті.
Компания дағдарыстан кейін 40 мың қызметкерін жұмыстан қысқартты. Tesla өніміне ақша салушылар сонда да одан күдерін үзген жоқ. Міне, 2020 жылы олар миллионерге айналды.
Tesla үшін табысқа бетбұрыс кезең 2020 жылы желтоқсан айында болды. Компания S&P 500 индексіне енгізілді. Осы оқиғадан кейін Tesla акциялары тез өсті.
Қазіргі кезде Tesla – Facebook, Microsoft және Apple сияқты компанияларды қамтитын S&P 500 индексіндегі ең қымбат компаниялардың бірі.
Тесланың нарықтағы құны General Motors, Ford, Fiat Chrysler және Toyota компанияларының жиынтық нарық құнынан жоғары.
Алайда Tesla бәсекелестеріне қарағанда, әлдеқайда аз автомобиль шығарады.
GraniteShares инвестициялық фирмасының бас директоры Уилл Ринд Тесла акцияларының әлемдік поляризация екенін айтты.
Tesla Roadster 2020
Автокөліктің көптеп сатылуы Tesla акцияларының көбеюіне әкелді.
Қытай сұранысы артуына байланысты, Tesla-ны сатып алушылар көбейді. Жанармай үнемдейтін көліктен электромобильге көшу әлем бойынша тенденцияға айналды да, осы салада жұмыс істейтін Tesla сияқты компаниялар ақшаның астында қалды.
Көптеген инвестор Tesla компаниясының жүргізушісіз көлік құралын, аккумуляторлық технология жобасын болашақта компанияның құнын одан әрі арттыратын инновация санайды.
Tesla эектрокөлігінің нарықтағы даңғыл жолы қалай басталды?
Тесла 2010 жылы маусымда көпшілік назарына ұсынылды және қор нарығында акциясы 17 доллардан сатыла бастады.
Қазір Нью-Йорк қор биржасында Tesla акциялары 650 долларға бағаланып жатыр.
Бірақ Тесла жұмысына күмәнмен қарайтындар да бар. Олар акция тым қымбаттап кетті және бұл уақытша құбылыс деп есептейді.
АҚШ инвестициялық банкінің JP Morgan сарапшылары 2020 жылы желтоқсан айындағы бағалау есебінде "Тесланың акциялары бағалау параметрі бойынша біз үшін ғана емес, барлық компания үшін анағұрлым қымбат", – деп жазды.
Бірақ кейбірі Tesla компаниясы жай ғана автомобиль өндірушісі емес деген пікірді ұстанады.
"Егер компанияның аккумуляторлық технологиясы сәтті шықса, онда бұл өнеркәсіпке жаңа есік ашады", - дейді OANDA компаниясының нарық талдаушысы Эдвард Моя.
Джейсон Деболт Тесланың 11 миллион долларлық акциясына ие
Тесланерлер (Teslaners)
Теслаға сенетін және оның акцияларына ақша салатын ауқымды аудитория бар. Өздерін "Teslaners" деп атайтын бұл инвесторлар компанияның акциялары өсе береді, сонымен қатар Илон Маск инновациялық компаниясы көптеген салада жаңа стандарт орнатады деп сенеді.
Лос-Анджелесте (АҚШ) тұратын инженер Джейсон ДеБолт жеті жыл бұрын Tesla-ның 2500 акциясын 19 мың долларға сатып алған.
"Тесла 2013 жылы Model S электрокарын сатып алған кезде компанияға инвестиция салуға шешім қабылдадым", - дейді ол.
Содан бері ДеБолт Tesla акцияларына үнемі инвестиция салып келеді. Бүгінде оның 15 мың акциясы бар және осы акциялардың жалпы құны 11 миллион доллар.
"Маск пен Теслаға бұқаралық ақпарат құралдары шабуыл жасағанын білу өте қиын болды. Акциялар бағасы құлдырауына куә болу одан да ауыр еді. Бірақ біраз уақыттан кейін акциялардың қайтадан көтерілетінін білдім", - деді Деболт. Ол 2013 жылдан бері акциялардың тұрақсыздығын бақылап келеді.
Деболт Tesla Stock Club мүшесі. Ол Facebook желісінде басқа "тесладерлермен" жиі сөйлеседі.
Скотт Тисдейл Tesla акцияларын 2013 жылдан бастап үнемі сатып алып келеді
Нью-Йорк тұрғыны Скотт Тисдейл 2013 жылы Model S-ті көргеннен кейін компанияға ақша саламын деп шешім шығарғаған. Қазіргі кезде Тисдейлде Tesla-ның 2,8 миллион доллар тұратын 4 мың акциясы бар.
Тисдейл Tesla акциясына инвестиция сала беретінін айтты.
"Меніңше, бұл компанияның тарихы енді басталып жатыр. Tesla акциясы жыл санап өсіп келеді", - дейді ол.
Компанияның болашағы
Нарық мамандары бұл жағдайға аса мұқият қарап отыр. Олар Тесла акциясы 700 пайызға өсуі мүмкін емес деп ойлайды. Электромобиль нарығына Apple сияқты бәсекелестер шыға бастағанда, Tesla-ны мықты бәсекелестік күтіп тұрғанын айтады.
Илон Маск 2020 жылы мақсатқа жетудегі табандылықтың үлгісін көрсетті. 49 жастағы Маск Силикон алқабындағы электромобиль шығаратын шағын компанияны әлемдегі үздік автомобиль өндірушілер қатарына қосты.
Т. Раушанұлы