Жасанды интеллект кәсіпқой киберспортшыларды жеңді

Жасанды интеллект кәсіпқой киберспортшыларды жеңді
Фото: freepik.com

DeepMind компаниясы жасаған AlphaStar жасанды интеллекті StarCraft II стратегиялық ойынында екі кәсіпқой киберспортшыны жеңіп кетті.

Бұл туралы компанияның өкілдері мәлімдеді. Дарио Вунш (Dario «TLO» Wünsch) және Гжегож Коминч (Grzegorz «MaNa» Komincz) есімді екі ойыншы желтоқсан айынан бері жасанды интеллектпен күш сынасып келеді. Кәсіпқой киберспортшылар мүлдем жеңіске жете алмаған соң жасанды интелекттің жүйесіне өзгерістер енгізілген. Осылайша, 24 қаңтар күні өткен соңғы сайыста алғаш рет адам баласы ұтты.

Бұған дейін DeepMind алгоритмі әлемнің үздік ойыншысын жеңіп, ақуыздың пішінін биологтарға қарағанда жақсы сипаттап берген. Дегенмен бұл кезде жасанды интеллектке барлық ақпарат қолжетімді еді. Ал StarCraft II стратегиялық ойынында ақпарат ағымы жабық. Сол себепті жасанды интеллект қарсыласының әрекетін алдын ала болжай алмады.

Жасанды интеллектке ойнауды Blizzard компаниясының адамдары үйреткен. Әріптестерінің әрекетін жаттау және алдын ала болжау арқылы DeepMind алгоритмі ойынның 95 пайызында жеңіске жетіп отырған. 

Осылайша, жасанды интеллект Дарио Вунш және Гжегож Коминчпен күш сынасты. Алдымен Дарио Вуншты бес ойында жеңісе, артынша Гжегож Коминчті де дәл осы есеппен ұтты. Ойын барысында жасанды интеллект адамға қарғанда аз қимылдаған. Сондай-ақ, ойында жасанды интеллект әр аймақта орналасқан үш түрлі әскеріне бір уақытта бұйрық беріп отырған. Соңғы сайыс алдында жобаны жасаушылар жасанды интеллекттің алгоритміне біраз өзгерістер енгізді. Бұл жолы кәсіпқой ойыншының тек біреуі жеңді. 

Бұл адам мен жасанды сана арасындағы алғашқы бәсеке емес. Осыған Dota 2 ойынынан және дейін дебаттан жарысқан. Өткен жылдың тамыз айында Dota 2 ойынынан батл өтті. Кездесуге екі топ қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бірінші топта киберспорт бойынша белгілі комментаторлар, кәсіпқой ойыншылар болса, ал екінші тарапта OpenAI Five жасанды интеллекті жалғыз өзі 5 адамға қарсы ойнады. Адамзаттың атынан додаға түскен ойыншылар статистикалық көрсеткіштері бойынша іріктелді. Ойында 2:0 есебімен жасанды интеллект жеңіске жетті. OpenAI боты екі картада да ойын басталғаннан аяқталғанға дейін адамдар тобынан алда болды. Әр матчтың алдында жасанды сана өзінің 95% жеңіске жететініне сенімді болған.

Ал Project Debater жасанды интеллекті Израильдің пікірталас чемпионы Ноа Овадиа бастаған топпен сайысқа түскен. Жиынның соңында дебатты басынан аяғына дейін тамашалаған көрермендер жасанды сананың дәйектері нақты, орынды деген шешімге келіп, оның ұсыныстарын қолдады. Осылайша, Project Debater өз қарсыласынан басым түсті.  

Massaget