- Негізгі бет
- Техно
- Жапонияда трансформер-автомобиль жасап...
Жапонияда трансформер-автомобиль жасап шығарылды
Жапанолиялық инженерлер екі адамдық автомобильге айналатын "J-deite RIDE" роботын жасап шығарды. Видеодан трансформация процесі көп уақыт алмайтынын көруге болады.
Аталған машина-робот "Asrates Corp" фирмасының инжернерлері тарапынан жасап шығарылды. Компания мамандары осы жоба негізінде 3 жыл зерттеу жүргізді, нәтижесінде 4 метрлі автомобиль-робот өмірге келді. Ол 1 минут ішінде 3,7 метрге тең роботқа айналады. Трансформация үдерісі салон ішінде адам болса да жүзеге аса береді.
Роботты жасаушылардың бірі – Кензи Исиданың айтуынша, олар анимациялардағы трансформер кейіпкерлерден шабыттанғаннан соң осы роботты жасауды ойлаған.
Трансформер автомобиль сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Машинаны қашықтықтан тұрып та басқаруға болады.
Т. Раушанұлы